26.12.2024
19:44
828
Тимур Мұратов ұшақ апатынан зардап шеккен науқастардың жағдайы туралы айтты

Тимур Мұратов ұшақ апатынан зардап шеккен науқастардың жағдайы туралы айтты

Ақтауда әуе апаты бойынша комиссия басшысы, денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратовтың қатысуымен брифинг өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министр зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.

Бүгін таңертең Ресей Федерациясының тоғыз азаматы емін әрі қарай жалғастыру үшін санавиация бортымен Мәскеуге эвакуацияланды. Сондай-ақ бүгін кешке Әзербайжан азаматтары – 14 науқас өз еліне эвакуацияланды. Қазіргі уақытта бізде 6 науқас ем қабылдап жатыр — үш Әзірбайжан азаматы және үш Қырғызстан азаматы. Төртеуі жансақтау бөлімінде, бір науқастың жағдайы өте ауыр. Емдеу одан әрі жалғасуда, - дедід ол.