Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов кәсіби мансабындағы үшінші Челленджер турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ол Италияның Тоди қаласында өткен жарыстың финалында жергілікті спортшы Стефано Травальяны 7:6 (7:4), 0:6, 6:2 есебімен жеңді.
Бұл жеңіс үшін Скатов 75 рейтингтік ұпай еншілеп, ATP рейтингінде 193-орынға көтеріледі.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық теннисші 2022 жылы Пармада және 2024 жылы Аугсбургте Челленджер турнирлерінде топ жарған болатын.