Тимати бейнеклипінде «VIP-қазақтың» бейнесін көрсетті

11 Маусым 2023, 03:03 710

Ресейлік орындаушылар Тимати мен Navai Дубайдағы қымбат өмір туралы жаңа әніне бейнебаянын көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстандықтар бұл бейнебаянда елімізде «VIP-қазақ» атанып кеткен кейіпкердің пайда болуына назар аударды.  

VIP-қазақ ұғымы қаржылық қиындық дегеннің не екенін білмейтін, өмірінде тек үлде мен бүлдеге оранып жүрген адамның бейнесі іспеттес. Міне, Тиматидің бейнебаянында дәл осындай кейіптегі адам сөмкесінен алып шыққан бірнеше бума ақшамен Дубайда Lamborghini-ді жалға алады.

Тректің өзі Боба Мерриллдің Mambo Italiano әніне ремейк тәрізді етіп жасалған. Бұл бейнебаян бір тәулікте VK-да 2 миллионнан астам рет қаралған.

Берік Арманов
Бөлісу: