Тілдерді жеделдете оқытудың заманауи технологияларын әзірлеу семинар-тренинг өтті

30 Наурыз 2018, 11:08 1969

29 наурыз күні Павлодар облысы «Қоғамдық келісім» конференц-залында тілдерді жеделдете оқытудың заманауи технологияларын әзірлеу және енгізу бойынша семинар-тренинг өтті. Осы семинар-тренинг Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ, Павлодар облысы әкімдігі ұйымдастырды.

Мақсаты – тілдерді қысқа мерзімде оқытудың қазіргі технологиясын дайындау мен енгізуге арналған семинар-тренинг өткізу арқылы Қазақстан халқы бірлігінің маңызды факторы ретіндегі мемлекеттік тілдің рөлін арттыру, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру.

Семинар-тренингке , «Жағдаяттық қазақ тілі» оқулығының авторы Қанат Тасыбеков, «LingvaTen» тіл орталығының негізін қалаушы Владислав Тен, «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының әдіскері  Қарлығаш Сейсембекова, Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының ғылыми қызметкері Алмажан Қадырхан, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, этномәдени бірлестіктер мен Достық үйлері жанындағы этно ағарту кешендерінің әдіскерлері мен оқытушылары, тіл саласының мамандары, әдіскерлер, этномәдени бірлестіктердің жастары және басқа да мүдделі азаматтар қатысты.

Семинар модераторы ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ бас сарапшысы Дүйсенбиев Әділет Құмкентұлы аттанды.

- Қазақстан халқы Ассамблеясының жобалары 70 пайызы мемлекеттік тіліне байланысты,- деді Ә. Дүйсенбаев. – Мемлекеттік тілді оқытудың өте көп әдістері бар. Олардың бірі Қ.Тасыбековтың әдісі «Жағдаяттық қазақ тілі», ал екіншісі- «Тілдарын» Ассамблеяның әдісі. Солар әдістері қолданып, бүгінгі семинары өтпек.

Семинар-тренингтің барысында авторлық әдістемелердің таныстырылымы мен интерактивті сабақтары өтіп, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшірілуі талқыланды.

Облысымызда Ш.Кенжикованың тіл оқыту әдістері бар,- деді Павлодар облысы тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Е.Төкенов. Олар «Керуен», «Отбасымен бірге үш тілді үйренейік». 2016 жылы қазақ тілін меңгерген тұрғындары  78 пайызы болса, 2017 жылы 80 пайызға жеткен.

Іс-шара соныңда барлық қатысушыларына сертификат берілді.

 

 

 

 

Бөлісу: