Тікұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

9 Қараша, 16:28 717

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан көпсалалы облыстық ауруханаға барды. Мұнда ол Сарыжар ауылы маңында орын алған тікұшақтың апатты жағдайда қонуынан зардап шеккен азаматтардың жағдайын білді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Дәрігерлердің айтуынша, екі азамат қазіргі уақытта жансақтау бөлімшесінде жатыр. Жағдайлары тұрақты ауыр деп бағалануда.  

Екі науқастың жағдайы орташа қатаң, екеуі де жарақат алған, біреуінде мойын омыртқасы сынған, сосын пневмоторакс бар, екі қолын 1 дәрежелі күйік шалған, жалпы денесінен 1% құрайды. Ес-түсін біледі, сөйлеп жатыр, қазір уақытша реанимацияда,-деді көпсалалы облыстық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Азамат Тұрышев.

Тікұшақ апаты кезінде бір адам 103 қызметі келгенге дейін  қаза тапты. Екі адам дереу ауруханаға жеткізілген.

Әкім орынбасары марқұм болған ер адамның отбасына қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті. 

Бүгінгі жағдайға байланысты марқұм болған азаматтың ата-анасына, ағайын-туысына, жақындарына көңіл айтамыз. Жаңа ғана марқұмның отбасына барып, көңілімізді білдірдік. Облыс әкімдігі тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілетіндігін жеткіздік. Аталған мәселе бойынша іс қозғалып, тиісті шешімдер қабылданады,  - деді ол БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: