«TikTok-та» құмар ойын ұйымдастырғандар ұсталды

30 Наурыз 2023, 10:25 941

Алматы тұрғындары «TikTok» әлеуметтік желісінде ақшаны алу және ұтыстарды банк аударымдары арқылы берумен онлайн құмар ойындарды ұйымдастырған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің қалалық департаменті әлеуметтік желіде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылардың әрекетін тоқтатты.

Тергеу барысында азаматтардың әлеуметтік желілерде 4 ай ішінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, 13 миллион теңгеге жуық сомада, яғни аса ірі көлемде кіріс алғаны дәлелденді.

Алматы қаласының екі тұрғыны кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, сот заңсыз ойын бизнесі саласында аса ірі көлемде кіріс алу арқылы осыған ұқсас құқық бұзушылық жасаған 4 тұлғаға қатысты істі қаралуда.

EL.KZ
Бөлісу: