TikTok интерфейсі қазақ тіліне аударылды

17 Қаңтар 2023, 20:21 1582

Tik Tok қосымшасы қазақ тіліне аударылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі  Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Достар, қуанышты хабар! 
TikTok интерфейсі қазақ тіліне аударылды.  Android және iOS құрылғыларына арналған қосымшаның кейінгі жаңартылуында қазақ тілін таңдау опциясы пайда болды. Миллиардтаған қолданушысы бар әлемдегі ең танымал платформаның қазақшалануы жаңа мүмкіндіктерге жол ашары анық. 

Жалпы біздің елде TikTok  қолданушылары арасында қазақ тіліндегі контентке сұраныс артып отыр. Мәселен, мәдени және тарихи құндылықтарды, мәдениетаралық диалогты насихаттауда  «Ел бірлігі» ТikTok house жобасының мәні мен маңызы зор болды.

Сондықтан өткен жолы TikTok  компаниясының вице-президенті Тео Бэртрам мырзамен кездесуде TikTok интерфейсіне қазақ тілін енгізу және қазақша контентті бірлесе дамыту мәселелері жөнінде пікірлесіп, уағдаласқан едік. Таяуда елімізде TikTok компаниясының қазақстандық офисі ашылғаны да белгілі. Мұның бәрі осы платформаның еліміздегі белсенді қолданушыларына игі әсерін тигізері сөзсіз.Біз өз тарапымыздан қазақ тілді контенттерді дамытуға, жаңа сапаға көтеруге байланысты жұмыстарды жалғастыра береміз, деп жазды министр. 

EL.KZ
Бөлісу: