«Тиімділігі бойынша сұрақтар көп». Асхат Аймағамбетов медицинаға бөлінген қаржы жайлы

18 Наурыз, 13:29 554

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында депутат Асхат Аймағамбетов бүгінгі күні денсаулық сақтау жүйесіне үлкен реанимация керек екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың сөзінше, медицина саласына 2 трлн теңгеден астам қаржы бөлінеді. Дегенмен бұл қаражат жеткіліксіз.

Сонымен қатар денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға медицина салысын игерудің тиім тұстары бойынша сауал қойды.

Бұл қаражат тиімді игеріліп жатыр ма? Әрине, тиімділігі бойынша сұрақтар тым көп. Дәрілер ескіріп кеткен деп айтып жатсыз ғой. Бірақ ол неге ескіріп кетеді? Неге барлық медициналық ұйым оны ертерек сатып алады? Өйткені Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы дәл сондайды алып отыр. Сол бұйрықты өзгерту керек. Халықтың ішінде өте жақсы шешім қабылданды. Мамандарға барғанда терапевтке бармай-ақ, тікелей баруға болады деген. Көптен бері көтеріліп жүрген мәселе ғой. Бірақ бұл өте жақсы шешім. Әрі қарай өзінің шешімін табуы керек шығар. Егер жалпы тәжірибе дәрігерін алып тастайтын болсақ, бүкіл азамат енді тікелей невропатолог сияқты басқа дәрігерлерге баратын болса, онда сұраныс та көбейеді. Олар келеді де анализдерге жібереді, КТ-ға, МРТ-ға жібереді, - деді депутат.

Аймағамбетов медицинаның бұл тұсында проблема барын айтып қалды. Ол - сызықтық шкала.

Басында бұл жақсы қабылданады, бірақ сіздер әр мекемеге айына 10 КТ, 5 МРТ дегеннен кейін олар одан көп тағайындай алмайды да, мынау шешімнің бағасы, қазақша айтқанда, бес тиын болып қалуы мүмкін. Бүгінгі күні денсаулық сақтау жүйесіне үлкен реанимация керек сияқты. Ақмарал Шәріпбайқызы, сіз осы мәселемен айналысып, шұғыл батыл шешімдер қабылдайсыз ғой деп ойлаймыз, - деді комитет төрағасы.

Миражан Махан
Бөлісу: