Тибо Куртуа Қазақстанға келе ме?

Тибо Куртуа Қазақстанға келе ме?

«Реал Мадрид» пен Бельгия ұлттық құрамасының негізгі қақпашысы Тибо Куртуа жарақатына байланысты Қазақстанмен өтетін Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы матчқа қатыспайтын болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Куртуа жарақатын Испания чемпионатының 12-турында, «Райо Вальеканоға» қарсы өткен кездесуде алған болатын. Тізесіндегі ауырсынуға байланысты 15 күнге жаттығу процесінен шеттетілген.

Мадридтік ұжым дәрігерлерінің мәліметінше, қақпашының жарақаты ұзақ уақыттық үзілісті қажет етпейді, бірақ тәуекелге бармау үшін ол ұлттық құраманың қарашадағы матчтарына қатыспайды.

Бельгия құрамасының бас бапкері Доминико Тедеско Куртуаның орнына «Брайтон» қақпашысы Барт Вербруггенді шақырған. Қазақстан мен Бельгия арасындағы кездесу 15 қараша күні Астанада өтеді.

Айта кетейік, Тибо Куртуа биылғы маусымда ұзақ уақыт жарақаттан кейін ғана алаңға оралған болатын. Ол өткен маусымның басында ауыр тізе жарақатын алып, бірнеше ай бойы ойыннан тыс қалған еді.