09.10.2025
07:08
477
Tesla ең арзан электромобильдерін шығарды

Tesla ең арзан электромобильдерін шығарды

Кәсіпкер Илон Масктың меншігіндегі Tesla компаниясы тарихындағы ең қолжетімді электрокарларын таныстырды. Бұл туралы The Verge порталына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Компания Model 3 Standard лифтбегін және Model Y Standard кроссоверін таныстырды – бұл бұрыннан танымал модельдердің жеңілдетілген нұсқалары.

Екі көлік те 840 шақырымға дейін жүретін электрқозғалтқышпен жабдықталған, ал 100 км/сағ жылдамдыққа 6,8 секундта жетеді.

Бағаны төмендету мақсатында Tesla бірнеше функциядан бас тартқан: енді бұл модельдерде панорамалық төбе, жарық панельдері, артқы қатар үшін бөлек дисплей және есіктер маңындағы жарықтандыру жоқ. Сонымен қатар айнаны электрреттеу жүйесі де алынып тасталған.