15.09.2025
17:45
442
Tesla Cybertruck-тің ең арзан нұсқасын шығаруды тоқтатты

Tesla Cybertruck-тің ең арзан нұсқасын шығаруды тоқтатты

Бұған дейін Tesla компаниясы бір миллионнан астам алдын ала тапсырыс қабылдағанын хабарлаған еді. Жоспар бойынша жылына 250 мыңға дейін электромобиль шығару көзделген, ал Илон Маск бұл көрсеткішті 500 мыңға дейін арттыруға болатынын айтқан, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Алайда іс жүзінде Tesla қазір жылына шамамен 20 мың Cybertruck қана сатады. Бұған басты себеп - көліктің бастапқы жоспардағыдан қымбат әрі мүмкіндіктерінің төмен болып шығуы.

2025 жылдың сәуірінде компания қолжетімді нұсқасын таныстырды - артқы жетекті (RWD) Cybertruck. AWD моделінің бастапқы бағасы 80 мың доллар болса, RWD нұсқасы 69 990 доллардан сатылымға шықты.

Соған қарамастан бұл модель көптеген артықшылықтардан айырылды: пневматикалық аспа жүйесі, моторлы жүксалғыш қақпағы, тіпті кузовтағы розеткелер қарастырылмаған. Сонымен қатар бір ғана қозғалтқыш орнатылды.

Жаңа модельді нарыққа шығарғаннан кейін бес ай өтпей-ақ, Tesla Cybertruck RWD өндірісін тоқтатты.