Терроризмді насихаттаған азамат ұсталды

27 Желтоқсан 2023, 19:25 837

27 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттады деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының 18 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу әрекеттері барысында тұрғылықты жері бойынша діни әдебиеттер тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Бұрын ұсталған адамға қылмыстық қудалауға әкеп соғуы мүмкін заңсыз әрекеттерге жол бермеуі туралы бірнеше рет ескертілген.

Оған ресми сақтандыру жарияланған.

Алдын алу шараларына қарамастан, ол қылмыстық әрекетін жалғастырды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті әлеуметтік желілерде таратылатын радикалды идеологияның, әсіресе жастарға деструктивті әсер ету қаупін еске салады.

Экстремистік мазмұндағы Интернет-ресурстарына кіруден бас тартуды, ал ата-аналарға балалардың радикалды сайттарға деген қызығушылығына жауапкершілікпен ден қоюды ұсынады.

Перизат Саденова
Бөлісу: