16.02.2024
13:35
1152
Терроризмді насихаттаған 17 жастағы жасөспірім ұсталды

Терроризмді насихаттаған 17 жастағы жасөспірім ұсталды

ҰҚК терроризмді насихаттады деген күдікпен 17 жастағы тұрғынды ұстады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылғы 15 ақпанда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен Атырау облысының 17 жастағы тұрғыны ұсталды.

Тінту кезінде одан тергеуге қызығушылық білдіретін материалдар алынды. Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.

2023 жылы күдікті ұқсас қылмыс үшін 2 жылға бас бостандығынан шектеуге жазаланған. Қабылданған процестік және профилактикалық шараларға қарамастан, ол құқыққа қарсы әрекеттерін жалғастырды. Бұл ретте, террористік қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталады.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.