05.10.2022
13:20
2418
Терең шахтада жұмыс істеу – оңай шаруа емес

Терең шахтада жұмыс істеу – оңай шаруа емес

Мемлекет басшысы Қарағанды облысының халқымен кездесуде терең шахтада жұмыс істеу оңай шаруа емес екендігін айтты,–деп хабарлайды El.kz.

 «Қарағанды – қайнаған еңбектің ортасы. Терең шахтада жұмыс істеу, жалын атқан пеш қасында тұрып болат қорыту – оңай шаруа емес. Сіздер күрделі еңбек жағдайына қарамастан, өндірісте тер төгіп, елімізді дамытуға зор үлес қосып отырсыздар. Мен баршаңызға табанды еңбектеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ, жастарды сіздерден үлгі алуға шақырамын. Еңбекқорлық – баршамызға ең қажет қасиет»,–деді мемлекет басшысы.