Теннистен Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталды

28 Қараша 2023, 06:28 605

Теннистен Билли Джин Кинг кубогі іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан әйелдер құрамасы командалық әлем чемпионатының іріктеу сатысында Жапониямен ойнайды.

Матч келер жылы 12-13 сәуір күндері Жапонияда өтеді. Жеңген команда финалдық кезеңге жолдама алады. Іріктеу матчы төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.

Биыл Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде өз тарихында екінші рет бақ сынаған еді.

Перизат Саденова
Бөлісу: