04.09.2022
00:34
1883
Жаңалықтар

Теннисші Аружан Сағындықова алғаш рет US Open турниріне өтті

Қазақстандық Аружан Сағындықова алғаш рет АҚШ ашық чемпионатының жасөспірімдер турниріне өтті, деп хабарлайды El.kz.

Халықаралық теннис федерациясының (ITF) жасөспірімдер рейтингісінде 58-орында тұрған Аружан Сағындықова іріктеу сайыстарының финалында америкалық Джульетта Парехамен (2062-ракетка) кездесті.

Аружан қарсыласын 6:2, 6:3 есебімен тізе бүктірді.