29.07.2024
01:23
1018
Теннисші Александр Шевченко Олимпиада ойындарын жеңіліспен аяқтады

Теннисші Александр Шевченко Олимпиада ойындарын жеңіліспен аяқтады

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Париждегі Олимпиада ойындарының бірінші айналымында ұтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жазғы ойындардың алғашқы айналымында чехиялық Якуб Меншикпен кездесті. Екі сетке созылған матчта Меншик  6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. 

Осылайша, жұптық сында қазақстандық атлеттер қалған жоқ. Ерлер арасындағы жұптық сында Александр Бублик пен Александр Недовесов ойнайды.