Қазақстан теннис құрамасының өкілі Александр Шевченко Алматыда өтіп жатқан ATP 250 сериялы турнирінің екінші кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бірінші айналымда қазақстандық спортшы сербиялық Ласло Джерені жеңді. Кездесу 7:6 (7:1), 7:6 (14:12) есебімен аяқталды. Матч 2 сағат 8 минутқа созылды.
Екінші айналымда Александр әлемнің 41-ракеткасы, француз Корентен Мутемен кездеседі.