Теннис: Аргентинамен өтетін матчта Қазақстан құрамасына өзгерістер енгізілді

31 Қаңтар, 03:15 678

Қазақстан құрамасы 3-4 ақпан күндері Росарио қаласының топырақ төсенішіндегі корттарында Аргентина құрамасымен Дэвис кубогінің іріктеу матчын өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Юрий Щукин бастаған бапкерлер құрамасы Александр Бубликтің Олимпиада жолдамасын алуына басымдық беру жөнінде шешім қабылдады.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, еліміздің бірінші ракеткасы осы аптада Монпелье (Франция) турнирінде ойнайды. Егер осы додада сәтті өнер көрсетсе, Париж олимпиадасына қатысу мүмкіндігі басым болмақ.

Аргентинамен матчқа Бейбіт Жұқаев қатыспайтын болды. Ол жуырда Аустралиядағы жарыста жарақат алып қалды.

Осылайша Росариода ел намысын әлемнің 176-ракеткасы Денис Евсеев, сондай-ақ Тимофей Скатов, Дмитрий Попко және жұптық сында әлемдік рейтингіде 48-орында тұрған Александр Недовесов қорғайды.

Оқи отырыңыз: 

Баян Әжмұхан
Бөлісу: