Теннис: Александр Бублик АҚШ-тағы чемпионатта жеңіліп қалды

29 Тамыз 2023, 02:12 921

Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатының алғашқы айналымынан аса алмады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 81-орында тұрған 2020 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы, аустриялық Доминик Тиммен өткізді.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Д.Тим 6:3, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Доминик Тим 8 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың алтауын пайдалана білді. А.Бублик 6, 2 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.

Осылайша, А.Бублик Д.Тимнан тағы да жеңіліс тауып, 2019 жылғы Ролан Гарроста кеткен есені қайтара алмады.

Енді Александр Бублик жұптық сында өнер көрсетеді.

Берік Арманов
Бөлісу: