Теңізшілердің жеке куәліктерін беру қызметі уақытша тоқтатылды

25 Қазан 2023, 05:30 713

Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі теңізшілердің жеке куәліктерін дайындау, беру және бақылау жүйесіндегі биометриялық деректерді тіркеу кабинасындағы техникалық ақауларға байланысты теңізшінің жеке куәліктерін беруді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Теңізшінің жеке куәлігін дайындау, беру және бақылау жүйесінің жұмысы қалпына келтірілгенге дейін теңізшілер Каспий маңы мемлекеттерімен үкіметаралық келісімдерге сәйкес теңіз кемелерінде жұмыс істеу үшін Қазақстан Республикасы азаматының паспортын пайдалана алады.

Берік Арманов
Бөлісу: