Теңіз жаяу әскерлері әскери істің негіздерін үйреніп жатыр

2 Қараша, 16:15 416

Ақтау гарнизонының теңіз жаяу әскерлері бригадасына алынған 501 мерзімді қызмет сарбазына арналған жас жауынгер курсы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Курс басшылығы Алматы, Шымкент, Атырау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Абай, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарынан шақырылған әскери қызметшілердің мінездемелерін мұқият зерделеді.

Әскерге жаңа келгендерге тәжірибелі әскери қызметшілер мен әскери психологтар ортаға бейімделуге және алғашқы қиындықтарды жеңуге көмектеседі, олармен жеке әңгімелер жүргізіп, сарбаздардың психологиялық ерекшеліктерін зерделейді.

Жас жауынгер курсы жалпыәскери жарғыларды зерделеуді, ату және саптық дайындық дағдыларын меңгеруді қамтиды.

Әскери бөлімде бізді командирлер жылы қарсы алып, жаңа әскери форма берді. Қысқа уақыт ішінде біз көп нәрсені үйрендік. Жақында атыс жаттығулары басталады, ал әзірге біз күн сайын саптық дайындықпен айналысамыз және сарбаздың міндеттерін үйреніп жүрміз, – деді Ақтөбе облысынан әскерге шақырылушы қатардағы жауынгер Ерболат Қалдығұл.

23 қарашада теңіз бригадасының әскерге шақырылушылары салтанатты түрде әскери ант береді. Бұл күні олар туыстарымен кездесіп, алғашқы жетістіктерімен бөлісуге мүмкіндік алады.

Алда жас сарбаздар оқу-жаттығуларға, жаттығуларға және далалық жорықтарға толы жыл күтіп тұр. Олардың жолында қандай қиындықтар болса да, қызметтің алғашқы күндерінен бастап қалыптасқан теңіз рухы барлық кедергілерді жеңуге ықпал етеді. Сынақтар жас жауынгерлердің мінезін шыңдап, оларды нағыз отан қорғаушыға айналдырады.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: