29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары«Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШС бұрынғы бас есепшісі аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемденді немесе жымқырды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚМА мәліметінше, мекеменің бұрынғы бас есепшісі квазимемлекеттік сектор қызметкері бола тұра, 2021 жылғы желтоқсан мен 2023 жылғы мамыр аралығында салық төлеу желеуімен төлем құжаттарына жалған ақпараты енгізу арқылы жеке тұлғалардың есеп-шоттарына Серіктестік қаражатын аударып, кейіннен өзіне қайтарып алғаны анықталды.
Мекемеден заңсыз иемденіп алған қаражатты ол жеке қажетттіліктеріне жұмсаған. Бас есепшінің қылмыстық әрекеттерінің салдарынан Серіктестікке аса ірі мөлшерде 225 млн теңгеден астам сомаға материалдық шығын келтірілген, - делінген мәліметте.
Тергеу әрекеттері жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек