Теміртаудағы жарылыста екі адамның денесін 80% күйік шалды

13 Наурыз 2023, 18:13 960

Теміртауда көпқабатты тұрғын үйде болған газ жарылысы салдарынан екі адамның денесін 70-80% күйік шалды. Зардап шеккендер жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Теміртау қаласының медициналық мекемелеріне 7 науқас жеткізілді. Оның ішінде денесінің көп бөлігін, шамамен 70-80% күйік шалған екі ересек адам жансақтау бөліміне жатқызылды. Теміртау қаласының балалар ауруханасына газбен уланған 3 бала жансақтау бөліміне жатқызылды. Реанимация бөлімдеріндегі науқастардың жағдайы «тұрақты ауыр» деп бағаланады, - делінген ақпаратта..

Сондай-ақ бір бала медициналық көмек көрсетілгеннен кейін Қарағанды қаласының Облыстық балалар клиникалық ауруханасына жолданды. Аяқ-қолы күйген тағы бір бала амбулаториялық емделуге жіберілді. Сондай ақ санитарлық авиация желісі бойынша Теміртау қаласына комбустиолог дәрігер жіберілді.

EL.KZ
Бөлісу: