Теміртауда болған атыс видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Салдарынан бір адам жарақат алған.
Әлеуметтік желіде оқиға видеосы тарады. Жазбада атыс Теміртаудағы тамақтанатын орындардың бірінің автотұрағында болғаны айтылған. Автор кикілжің тұраққа таласқандар арасында болған деп топшылап отыр.
Оқиғаға байланысты Қарағанды облысы Полиция департаментінің өкілі мәлімдеме жасады.
4 сәуірге қараған түні Теміртау қаласының орталық ауруханасына оқтан жарақат алған 27 жастағы тұрғын жүгінген. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық қатысушысы анықталды. Қазіргі уақытта полиция оларды ұстау бойынша кешенді шаралар қабылдауда, - деп мәлімдеді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Посмотреть эту публикацию в Instagram