Теміртауда ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбыры учаскесінде технологиялық ақау пайда болды. Осыған байланысты қалада төтенше жағдайлар режимі енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қала әкімі Ораз Тәуірбеков тұрғындарға бейнеүндеу жасап, оны желі парақшасында жариялады.
Құрметті теміртаулықтар, өкінішке орай кеше оң жағалау тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбыры учаскесінде пайда болған технологиялық ақауға байланысты, біз бұл аймаққа ауыз су беруді уақытша тоқтатуға мәжбүр болдық. Жағдайды есепке ала отырып және қолданыстағы заңнамада көзделген нормаларға сүйеніп менің өкімімен төтенше жағдайлар режимі енгізілді. Бұл режим шеңберінде қажетті қаражатты бөлу және мердігермен арнайы техника жұмылдырылып, ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін қысқа мерзімде тұрақтандыратын боламыз,-деді Теміртау әкімі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram