22.10.2024
13:28
1138
Теміртауда 64 жастағы әйел бірге тұратын ер адамды пышақтап өлтірді

Теміртауда 64 жастағы әйел бірге тұратын ер адамды пышақтап өлтірді

Теміртауда 64 жастағы әйел мас күйде бірге тұратын ер адамды пышақтап өлтірген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 21 қазанда болған. Теміртаудың тұрғыны жанжал кезінде 62 жастағы серіктесін өз үйінде пышақтап өлтірген. Қайғылы оқиға кезінде әйелдің ішімдік пайдаланғаны белгілі болды.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұған дейін Ресейде хоккейші анасын пышақтап өлтіргені туралы жазған едік.