Бокстан Ұлттық құрама спортшысы Темірлан Мұқатаев Азия чемпионатының ширек финалында қарсыласын тізе бүктірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жерлесіміз 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына еш қиындықсыз жолдама алды. Ширек финалда ол Қытай өкілі Куо Чаомен жұдырықтасты. Алайда қарсыласы жекпе-жектің соңына дейін шыдай алмады. Боксшымыздың басымдығы соншалық, Қытай жаттықтырушылары екінші раундта-ақ кездесуді жалғастырудан бас тартты.
Ширек финалда қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген Темірлан Мұқатаев келесі маңызды жекпе-жегін 6 тамыз күні өткізеді.