09.09.2024
09:24
691
Темекісін сөндіруді ұмытып кеткен Хромтау тұрғыны өртеніп кете жаздады

Темекісін сөндіруді ұмытып кеткен Хромтау тұрғыны өртеніп кете жаздады

Хромтау қаласының тұрғыны сөндірілмеген темекіден арқасын күйдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әуезов көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйдің 4 қабатында болған. Пәтерде 2 шаршы метр аланда матрас жанды. Өртті өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін, өз күштерімен сөндірді. 2 дәрежелі термикалық арқа күйігін алған 1961 жылы туған ер адам ауруханаға жеткізілді, ол тексеруден кейін үйге жіберілді.

Өрттің алдын – ала себебі-темекі шегудің абайсыздығы. ТЖМ ешқашан темекімен төсекке жатпауды, темекі шегетін орынды күлсалғышпен жабдықтауды, өз өміріңді қорғауды сұрайды!