13.10.2025
10:40
519
Телефонды қалай қуаттау керек?

Телефонды қалай қуаттау керек?

Соңғы уақытта кейін мобильді құрылғыларды пайдалану кезінде түрлі оқыс жағдайлардың көбейіп кеткенін байқап жүрміз. Ресейлік IT-сарапшы Олег Кузнецов mosregtoday.ru басылымына берген сұхбатында смартфонды қуаттау кезінде кездесетін қауіптер мен түпнұсқа емес аксессуарларды қолданудың салдарын егжей-тегжейлі түсіндірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Маманның айтуынша, құрылғы өндірушілері телефонды қуатталып жатқан кезде пайдаланбауға кеңес береді. Өйткені мұндай әдет аккумулятордың қызмет ету мерзімін қысқартып қана қоймай, құрылғының қатты қызып кетуіне әкеледі. Кузнецов қазіргі смартфондарда қызып кетуден қорғайтын арнайы жүйелер бар екенін атап өтті – олар температура шамадан тыс көтерілген жағдайда құрылғының істен шығуына жол бермейді.

Сарапшы басқа брендтің қуаттау блогын қолдануға болатынын растады, бірақ бұл тек белгілі өндірушілерге қатысты. Мұндағы басты шарт – техникалық сипаттамалардың сәйкестігі. Қуат адаптерінің күші смартфон сипаттамаларына, соның ішінде жылдам қуаттау стандартына сай болуы керек. Егер адаптердің қуаты жоғары болса, телефон тоқты өздігінен шектейді. Ал, керісінше, қуаты төмен адаптер қолданылса, ол шамадан тыс жұмыс істеп, қызудың салдарынан істен шығуы мүмкін.

Кузнецов арзан әрі сапасыз қуаттау құрылғыларын пайдаланбауға кеңес береді. Себебі мұндай аксессуарларда қысқа тұйықталудан немесе қызып кетуден қорғайтын механизмдер болмайды, бұл олардың қаупін арттырады.

Сондай-ақ сарапшы қауіпсіз қуаттау ережелерін де еске салды. Құрылғы қуатталып жатқанда, оның айналасында ауа айналымы жақсы болуы тиіс, яғни жылудың сыртқа шығуына кедергі келтірмеу қажет. Телефонды жастықтың астына немесе жылуды ұстайтын басқа заттардың астына қоюға болмайды. Сонымен қатар телефон қуатталып жатқан кезде оны судың маңында, айиалық, душ қабылдау кезінде пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Маман батареяның ұзақ қызмет етуіне де тоқталды: өндірушілер әдетте аккумуляторды толық (100%) қуаттап немесе мүлде өшкенше күтпеуді ұсынады.