Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМемлекеттік телеарналарда он жылға жуық жұмыс істеп, мол тәжірибе жинаған Айнұр Омар есімді журналист осы тақырып төңірегінде біршама қиындықтардың бар екендігін айтады. Егер сіз әртүрлі телеарналарға сұхбат, пікір берсеңіз немесе болашақта сондай мүмкіндіктер туса, мынадай жәйттерді естен шығармағаныңыз жөн:
1. Микрофонға жармаспаңыз, оны журналист өзі ұстайды!2.Нақты сұрақ қойылғаннан кейін бірден жауапқа көшу керек. Амандасудың, аты-жөнді тәптіштеп айтудың еш қажеті жоқ!
3. Камераға тура қарамай, кіммен сөйлесіп тұрсыз, соған қарап жауап беріңіз!
4. Ілінбелі микрофон деген болады (петличка) сұхбат біткенде орныңыздан шұғыл тұрып кетпеңіз, ілінбелі микрофон сынады.
5. Айқайлап, дауыс екпінін тым жоғары көтеріп сөйлеудің қажеті жоқ. Дыбыс онсыз да микрофонға жақсы естіледі!
6. Ұялы телефоныңызды өшіріңіз немесе дыбыссыз режимге қосуды ұмытпаңыз!
7. Әр сөйлеміңізге аяқтап, қыс-нұсқа қайырыңыз. Шұбалаңқы сөйлеу бейнені құрастыру кезінде орасан қиындықтар туғызады!
8. "Иә", "жоқ" деп айтпауға тырысыңыз. Егер айта қалған жағдайда неге екенін түсіндіріңіз. Өйткені, оны басқа сөздермен қабыстыру қиын болады.
9. Сұхбат аяқталғанда мен неше минут сөйлеймін деп алаңдамаңыз, сіз көп дегенде 20 секунд сөйлейсіз, сондықтан ойыңызды жинақтап, көп сөздің орнын бір сөзбен ғана алмастырып үйреніңіз.
10. Ары-бері теңселмеңіз. Билеп тұрғандай әсер қалдырасыз.
11. Табиғи дыбыстар шығармыңыз, тек айтар ойыңызды сөзбен жеткізсеңіз болғаны (күрсіну, мұңаю, басқа да қажетсіз қылықтар жасамау)!
12. Сұхбат берген кезде қолыңызды қалтаңыздан алып сөйлеу қажет!
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары