Техникалық және кәсіптік білім беруде сұранысқа ие мамандықтар тізімі жасалды

9 Маусым 2023, 23:11 972

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті ең сұранысқа ие бағыттардың рейтингін жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Министрлік мәліметінше, биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 130 мыңнан астам талапкерді қабылдау жоспарлануда, оның ішінде кәсіпорындардың өтінімдері бойынша 10 мың студент.

Қазіргі уақытта еңбек нарығында мына бағыттар сұранысқа ие:

ақпараттық технологиялар;

құрылыс және коммуналдық шаруашылық;

геология;

тау-кен өнеркәсібі;

энергетика;

металлургия және машина жасау;

көлік;

байланыс;

педагогика;

медицина және т.б.

Еліміздің колледждерінде барлығы 517 мың студент оқиды, оның ішінде 312 мыңы тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған. Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы 50 мың орынға артады. Сонымен қатар жаңа оқу жылынан бастап колледж студенттерінің стипендиясы 50% көбейеді. Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын студенттер әлеуметтік қолдаумен қамтылады. Ол стипендия, тамақ және жолақысы.

Перизат Саденова
Бөлісу: