Тегін дәріні қандай жағдайларда алуға болады?

13 Қыркүйек 2022, 18:03 1038

Бірқатар созылмалы ауруларда кейбір дәрі-дәрмектерді тегін алуға болады. Олардың тізбесі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ұсынылады және аурулары мынадай топтарға жататын адамдарға ұсынылады:

– қанайналым жүйесі;

– тыныс алу ағзалары;

– ас қорыту ағзалары;

– қан, қан түзетін органдар және иммундық жүйе проблемалары;

– инфекциялық және паразиттік аурулар;

– эндокриндік жүйе, зат алмасуының бұзылуы;

– тірек-қимыл жүйесі және дәнекер тін;

– несеп-жыныс жүйесі;

– жаңа өсіпелер;

– орган трансплантациясынан кейінгі қолдау;

– психикалық бұзылулар және мінез-құлық бұзылулары;

– паллиативті көмек және т.б.

Бұл тізіммен өзіңіз де таныса аласыз, сондай-ақ осы немесе басқа жағдайда не қажет екенін дәрігеріңізден сұрай аласыз.

Аурулар кезінде ұсынылатын барлық тегін препараттардың толық тізімі «Белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесінде» қолжетімді.

Руслан Мухамадеев
Бөлісу: