Театрдағы авторлық қойылымдардың саны 600-ге дейін көбейеді

13 Наурыз 2023, 15:42 997

Елімізде театр өнерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жексенбіде елордалық «Жастар» театры қойған «...Адасқан ұлыңды жазғыра көрме, Жаратқан!» атты спектакльдің премьерасына бардым, сондай-ақ шығармашылық ұжыммен кездестім. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Ермек Аманшаев пен сценарист Нариман Төребаев жазған бұл пьеса ұрпақтар сабақтастығы, әке мен баланың өзара қарым-қатынасы және ата-аналардың өскелең ұрпақтың өміріндегі рөлі сияқты өзекті тақырыптарды қозғайды. Спектакльдің қоюшы-режиссері ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай, - деп жазды министр.

Министрдің айтуынша, елімізде театр өнерін дамыту - алдағы уақытта атқаратын жұмыстың басты бағыттарының бірі.

Біз отандық авторлардың қойылымдарының санын 600-ге дейін арттырып, театрды көрермендер үшін де, қазақстандық жас драматургтер үшін де қолжетімді еткіміз келеді. Өйткені, адамдардың театрға қызығушылығы жылдан жылға артып келеді. Ал қашанда айтары бар, көрермендерге ой салатын премьералар қоғам үшін ерекше маңызға ие, - деп жазды Асхат Оралов.

EL.KZ
Бөлісу: