Тәжікстанда жер сілкіні тіркелді

9 Мамыр 2023, 11:23 717

Төтенше жағдайлар министрлігінің «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық станциялар желісі Тәжікстанда болған жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жер сілкінісі 9 мамыр күні Алматы уақытымен 07 сағат 47 минутта тіркелгені белгілі болды. Аталған сейсмикалық станцияның мәлімет бойынша, зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 680 шақырым қашықтықтағы Тәжікстан аумағында орналасқан.

Жер қыртыстары дүмпуінің энергетикалық санаты – 11.0. MPV тербелісі – 5,1. Тереңдігі – 120 шақырымды құрады. Сонымен бірге, жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.

Асқар Таудай
Бөлісу: