01.10.2025
01:27
356
Тәжікстанда балаларға әлеуметтік желіні шектеу ұсынылды

Тәжікстанда балаларға әлеуметтік желіні шектеу ұсынылды

Тәжікстанда 14 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салу жөнінде ұсыныс айтылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл қоғамда үлкен талқылау тудырды: біреулер мұны балаларды қорғау үшін қажет десе, енді біреулер мұндай шектеулердің пайдасы аз деп санайды. Алайда ата-аналар қазірдің өзінде баласының интернеттегі уақытын өздері бақылай алады. Ол үшін Google-дың Family Link атты тегін қосымшасы бар.

Family Link ата-ананың телефоны мен баланың смартфонын байланыстырып, экран алдында өткізетін уақытты шектеуге, жүктелетін қосымшаларды тексеруге және көретін сайттарын бақылауға мүмкіндік береді. Қосымша Google Play мен App Store-дан жүктеп алынады.

Бұл бағдарлама негізінен 13 жасқа дейінгі балаларға арналған. Осы жаста қосымша автоматты түрде қауіпсіздік фильтрлерін қосады. Ал 13 жастан кейін жасөспірім аккаунтын өзі басқара алады, бірақ ата-аналар уақыт шектеу сияқты кейбір бақылау функцияларын қалдыра алады.