26.04.2023
16:10
1438
Тәжікстан президенті Қазақстанға келеді

Тәжікстан президенті Қазақстанға келеді

Эмомали Рахмон Қазақстанға мамыр айының басында келеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Sputnik Тәжікстан -ға сілтеме жасап.
 
Рахмонның Астанаға сапары 3 мамырға жоспарланған, оның аясында елордада екі елдің бизнес-форумы өтеді.
 
Тәжікстанның Инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметінше, іс-шараның мақсаты – республикалар арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту.