Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстан астанасына келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Эмомали Рахмон бүгін өтетін ҰҚШҰ отырысына қатысады деп күтілуде.
Жиында мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік жағдай, оның ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне әсері туралы пікір алмасады, ынтымақтастық нәтижелері мен ұжымдық қауіпсіздік жүйесін одан әрі дамыту перспективаларын талқылайды.
Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады.