Тәжікстан өз азаматтарына жақын арада Ресейге бармауға кеңес берді

28 Сәуір, 11:02 714

Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігі өз азаматтарына жақын арада Ресейге бармауға кеңес берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл хабарлама ведомствоның Telegram-арнасында жарияланды.

Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ел азаматтарына аса қажет болмаса, Ресей аумағына көліктің барлық түрімен барудан уақытша бас тартуды ұсынады,-делінген хабарламада.

Тәжікстан тарапы мұндай ескертудің нақты себебін айтпаған. 

Еске салсақ, 22 наурызда Мәскеудегі "Кроус Сити Холл" кешенінде терактілік әрекет болды. Қаруланған бір топ адам концертке келген халыққа оқ жаудырды. Кейінірек ғимаратта жарылыс естіліп, соңы өртке ұласты.  

Теракт жасады деген күдікпен Тәжікстан Республикасының бірнеше азаматы ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: