Тәжікстан аумағында жер сілкінді

7 Маусым 2023, 09:43 897

Сейсмологтар Тәжікстан аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі таратқан ақпаратқа сәйкес, 7 маусым күні Алматы уақытымен сағат 3.54-те жер сілкінген.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 650 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 10.6

MPV магнитудасы – 4,8.

Тереңдігі – 35 км.

MSK-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы ақпарат жоқ.

EL.KZ
Бөлісу: