"Таза Қазақстан": Жетісу облысының құтқарушылары сенбіліктер өткізді

Бүгiн, 18:32 122

Жетісу облысында да көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызметкерлер өңірді абаттандыруға белсенді қатысуда. «Таза Қазақстан» акциясы аясында Жетісу облысында құтқарушылардың қатысуымен сенбіліктер өтіп, түрлі тұқымды жас ағаштардың көшеттері отырғызылды. Сонымен қатар бөлімдердің аумағын тазалау жұмыстары жүргізілді. 

Бұл шаралар экологиялық ахуалды жақсартуға, көгалдандыру деңгейін арттыруға және қоршаған ортаға жайлы жағдай жасауға бағытталған. Қызметкерлер жоғарыда аталған акцияны қолдап, өңір экологиясын жақсартуға өз үлестерін қосуда.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: