"Таза Қазақстан": Жайық өзені жағалауынан 2 тоннаға жуық қоқыс жиналды

"Таза Қазақстан": Жайық өзені жағалауынан 2 тоннаға жуық қоқыс жиналды

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясында облыстық Экология департаменті «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватымен бірлесіп «Таза жағалау» атты акция ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, акция ерекше қорғалатын Пешной ауылдық округіндегі Жайық өзенінің жағалауында өтті. Тазалық іс-шарасының негізгі мақсаты – өзен маңын қоқыстан арылту, санитариялық тәртіпті сақтау және қоғамда қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру.

Тазалық жұмыстары барысында 60-қа жуық қатысушы өзен маңынан 2 тоннадай тұрмыстық қалдық жинады.