«Таза Қазақстан»: Астанада вандализмге қарсы акция өтті

8 Тамыз, 17:21 437

Астанада Жастар күніне орай және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында вандализмге қарсы акция өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, ұйымдастырушылар вандализм әрекеттерінің алдын алып, есірткіге қарсы тұру, қауіпсіз қоғам құрудың алғы шарты екендігін, әрі қоршаған ортаны таза ұстау қоғам алдындағы ортақ міндетіміз деп білетінін айтады.

Вандализм – бұл қоғамның ортақ мүлкіне келетін зияны ғана емес, сол сияқты тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығына қауіп төндіреді. Сондықтан да мұндайға жол бермей, одан келетін зиянға немқұрайлы қарамауымыз керек.Әрі қоршаған орта мен ортақ құндылықтарымызды қоғам болып бірге қорғауымыз керек. Бүгінгі акцияның негізгі мақсаты да жастарды есірткіден аулақ болуға үндеу, түрлі ғимарат қабырғалары мен ескерткіштердің сыртына жазылған жазуларды өшіру, сол арқылы қоғамдық мүліктің бүлінуіне жол бермеу, сондай-ақ азаматтардың санасы мен жауапкершілігін аттыру. Вандализм мәселесіне қоғамның назырын аудару және осы құбылысқа қарсы күресте азаматтық қоғамы белсендіру, – дейді Астана жастары ЖРО Neet санаттағы жастармен жұмыс бөлімінің маманы Сұлтан Өмірғалиев.

Іс-шара барысында орындықтар мен ғимарат қабырғаларына жазылған құпия телеграм арналарының адрестері, жағымсыз жарнама жазулары боялып өшірілді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: