Ақтау қаласының «Жылы жағажай» аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тазалық шарасына бұл жолы Ақтаудағы 29011 әскери бөлімінің 80 сарбазы қатысты. Әскерилер теңіз жағалауынан қоқыстарды жинап, қоршаған ортаны қорғау ісіне бір кісідей атсалысты. Нәтижесінде «Жылы жағажай» аумағынан 6 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Ақтау қаласының түрлі сала өкілдері сенбілікке өз еркімен атсалысып жатқанын көріп, біз де, 29011 әскери бөліміндегі 80 сарбазбен үлесімізді қосу үшін «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілікке өз қалауымызбен қатысып отырмыз. Мұндай шаралардың маңызы жоғары, - деді 29011 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Асылхан Маралбаев.