«El.kz» порталының арнайы жобасы - «Біздің Brand» шығармашылық ұжымы «Sun-bee Altai» өндіріс орнына барып қайтты. Ара ұяларынан бал алу процесі, арнайы құралда балды сүзу, тазалық пен сапаны сақтау үшін жасалған қатаң бақылау, дайын өнімнің қапталуы мен тұтынушыға жол тартуын толықтай көзбен көрдік. «Sun-bee Altai» өнімдері экологиялық таза, табиғи және пайдалы қасиеттерге бай. Бұл шығарылымда сіз табиғи өнімнің қалай жасалатынын, әртүрлі өнімдердің ерекшелігін, «Sun-bee Altai» өнімдерінің Қазақстан нарығындағы орны, омарташылар өмірі, бал жинау процесін толықтай тамашалай аласыз.