Тайваньда жойқын жер сілкінісі болған сәттің видеосы тарады

3 Сәуір, 10:51 665

Тайваньда жойқын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Зілзаладан төрт адам қайтыс болып, 97 адам зардап шеккен.

Құрбандардың басым бөлігі Дэкалунь елді мекенінде: үш адам көз жұмып, 40 адам жарақат алған.

Сейсмологтар мәліметінше, Тайваньның шығыс бөлігінде орналасқан Хуалянь уезінде жер сілкінісінің магнитудасы 7.3 болған. Жалпы магнитудасы 4-тен жоғары 11 тербеліс тіркелген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: