502.83
545.37
5.95

Таймс-скверде қазақстандықтардың Наурыз мерекесімен құттықтауы пайда болды

Видеодан алынған кадр/instagram.com/greycardinals
20 Наурыз, 13:39 390

Нью-Йорктегі Таймс-скверде қазақстандықтардың Наурыз мерекесімен құттықтаған видеосы пайда болды. Бұл туралы Grey Cardinals-қа сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Таймс-сквердегі видео-роликті отандық Grey Cardinals PR-агенттігі жариялаған. Видеоның өзі агенттіктің Instagram-дағы парақшасында пайда болды.

Компанияның мәліметіне қарағанда, ролик үш күн бойы көрсетілген және оны Нью-Йорктің миллиондаған тұрғыны мен қонағы тамашалаған.

Наурыз – бұл жаңару, қонақжайлылық және дәстүрлерге құрметтің символы. Әлемдік мегаполистің жүрегінде елімізді таныстырғанымызға қуаныштымыз.

Біз Қазақстанды жаһандық аренада ілгерілетуді жалғастырып, оның бай мәдениеті мен бірегейлігін әлемге көрсетудеміз, - деп жазды агенттік.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: