24.05.2023
16:13
1237
Таймс-скверде Димаш Құдайбергеннің видеосы көрсетілді

Таймс-скверде Димаш Құдайбергеннің видеосы көрсетілді

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген бүгін, 24 мамырда, 29 жасқа толды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі,

Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында өнер иесі құттықтаған жанкүйерлеріне алғыс айтып, Нью-Йорктегі Таймс-скверде шыққан видеосын бөлісті. Тыңдармандар әншіні туған күнімен осылай құттықтаған.

Сәлем, Таймс-сквер! Сәлем, әлем! Сәлем, 29 жас! Барлығыңызға осыншама үлкен құрмет көрсеткендеріңіз үшін көп рахмет, - деп жазды ол.

Сонымен қатар әнші бүгін кешкі сағат 20:00-де өзінің YouTube арнасында «Өмір» деп аталатын жаңа туындысының бейнебаянын көруге шақырды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)