Таяу Шығыстағы жағдай: Әуе рейстері қалай ұшады?

Бүгiн, 11:36 142

Көлік министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қазақстандық авиакомпанияларға Иранның әуе кеңістігін айналып өтуге немесе баламалы бағыттарды таңдауға, сондай-ақ тиісті өңірде ұшу бойынша бұрын жолданған нұсқаулар мен ұсынымдарды басшылыққа алуға ұсынылады, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Иран Израильді зымыранмен атқылағаннан соң Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеме жасап, міндетті түрде жауап болатынын алға тартты.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: