Тауық жылына арналған жұлдыз-жорамал

4 Қаңтар 2017, 12:21 40220

2017 жыл туралы жұлдыздар не дейді?

2017 жыл барлық  белгілер үшін үшін мазасыздау жыл болғалы тұр. Жылдың бастапқы айлары кез келген адамға сәл қиындау тиеді. Егер, өмірлік ұстанымдарыңызды тағы бір айқындап алсаңыз, барлық кемшіліктермен оңай күресе аласыз.

Тоқты

Тауық жылы сіз үшін табысты жыл болмақ. Бірінші кезекте өзіңіз өзгересіз. Сіз қазіргі қалпыңыздан әлдеқайда ашық, әлдеқайда ширақ бола түсесіз. Айналаңыздағы жандарға және өзіңізге қоятын талаптарыңыз өзгереді. Сол себепті жетістікке де оңай жетесіз. Тауық жылы сізге көптеген жаңа достар мен таныстар сыйлайды. Жаныңызды жегідей жеген проблемалар өз-өзінен шешіліп, тіпті ең үлкен арманыңыз да орындалып қалуы мүмкін!

Торпақ

Тауық жылы – сіздің дүниетанымыңызды кеңейтетін жыл. Қаңтар айында бір жылдық жоспарыңызды құрыңыз. Ал, ақпан айы кішкене қиындау ай болуы мүмкін. Мамыр айының ортасына қарай сіздің екінші тынысыңыз ашылады. Жаңа жұмыс іздер болсаңыз, жақсылап ойланыңыз. Себебі, барлық ұсыныстар сіздің пайдаңызға шешілмеуі мүмкін. Тамыз бен қыркүйек айлары – демалыс үшін таптырмас кезең. Қараша айында ұрыс-керіс, келіспеушіліктен бойыңызды аулақ салыңыз. Ал, желтоқсан айының екінші  жартысы сіздің жаныңызға тыныштық сыйлайды.

Егіздер

2017 жыл сізге көптеген жаңа әсерлер мен сәтті жобалар сыйлағалы тұр. Барлық жағымсыз естеліктер өткен жылдың еншісінде қалды. Ақпан айында сіз жаңа достар табасыз. Сәуірде өзіңіздің шығармашылық қабілетіңізді көрсететін тамаша мүмкіндік туады.  Мамыр мен тамыз аралығы сіз үшін жемісті кезең болмақ. Жалпы, Тауық жылы сізге жұмыс бабында сәтті жыл болғалы тұр.

Шаян

Тауық жылы айналаңыздағыларға өзіңізді басқа қырыңыздан көрсете аласыз. Қиын жағдайға тап болсаңыз, ішкі түйсігіңізге сеніңіз. Ол сізді алдамайды. Қаңтар айы іскерлік қарым-қатынастарға қолайлы ай болғалы тұр. Ал, сәуір осы жылдың ең белсенді айы болмақ. Маусым айында демалыс алғаныңыз жөн. Жыл соңында бастаған істеріңіздің бәрін аяқтауға тырысыңыз.

Арыстан

2017 жылы сіз достарыңыз және әріптестеріңізбен бірігіп, жаңа жобалар бастай аласыз. Тауық жылы жалғыз жүріп жол тапқаннан гөрі, «көппен бірге адасқаныңыз» дұрыс. Бәлкім, көптің көмегімен сіз түсіңізге де кірмеген жетістікке қол жеткізерсіз?! Тауық жылы сізге өзіңіздің ішкі түйсігіңіз қатты көмектеседі. Жалқау болмаңыз. Жүрегіңізді тыңдаңыз!

Бикеш

Тауық жылын өткен жылғы қателіктерді түзеуден бастаңыз. Бұл жыл сіз үшін табысты жыл болғалы тұр. Жақындарыңызбен, әріптестеріңізбен қарым-қатынасыңыз жақсара түседі. Сіздің ұқыптылық, еңбекқорлық, төзімділік сияқты жақсы қасиеттеріңіз биыл барынша бағаланатын болады.

Таразы

Тауық жылы сіз үшін шығармашылық жылы болмақ. Қай салада болмасын, ойға алған мақсаттарыңызды 100 пайыз орындауға ұмтыласыз. Білім алу жолында жаңа мүмкіндіктер пайда болса, ұсыныстан бас тартпаңыз. Қаңтар айы жұмыс үшін жайлы болады. Ал,  сәуір айы осы жылдың ең сәтті айы болғалы тұр. Қараша айында болған келеңсіздіктердің бәрін желтоқсанда шешіп, келесі жылды барынша жайлы қарсы аласыз.

Сарышаян

2017 жыл сіз үшін оңай жыл болмайды. Дегенмен, сіз бұған дейін мазалап келген күрделі проблемаларды шешесіз. Өткен жылы басталған жобаларды биыл аяқтай аласыз. Тауық жылы қарым-қатынас мәселесінде өте мұқият болғаныңыз жөн. Кез келген сөздің арты үлкен ұрысқа ұласуы мүмкін. Өзгелерге емес, өз күшіңізге ғана сеніңіз.

Мерген

Тауық жылы сіз үшін жемісті жыл болмақ. Бұл жылы сіз өз-өзіңізді жан-жақты дамытасыз, жаңа таныстар табасыз. Моральдық жағынан да, кәсібилік жағынан да өзіңізді өсіруге талпыныңыз. Астрологтар сізге Тауық жылы бірінші орынға айналаңыздағы қоршаған ортаны емес, өзіңіздің ішкі жандүниеңізді қоюға кеңес береді.

Тауешкі

2017 жылы өзіңізді кәсіби біліктілігіңізді арттыру жолдары туралы ойланыңыз.  Қаңтарда миыңызда ерекше жоспарлар пайда болуы мүмкін. Ақпан айында «қысқы құлазуға» тап болсаңыз, қатты қайғырмаңыз. Сәуір айында жұмыс, жұмыс деп жүгіріп, денсаулығыңызға зиян тигізіп алудан сақтаныңыз. Жыл соңында шығармашылық идеяларыңызды жүзеге асыруға талпыныңыз.

Суқұйғыш

Тауық жылы сізге тамаша шығармашылық мүмкіндіктер сыйлайды. Қаңтар айында жұмыстан алыстап, аздап демалып алғаныңыз жөн. Ал, ақпан айында жұмысқа жаңа күшпен кірісесіз. Наурыз – әріптестермен жақсы қарым-қатынас орнатуға таптырмас ай. Тамыз, қыркүйек айларында демалыс алсаңыз, артықтық етпейді. Қараша айында жұмысқа көп уақыт бөлудің қажеті шамалы. Ал, желтоқсан сәтті ай болғалы тұр.

Балықтар

Тауық жылы сіз үшін «Отбасы жылы» болмақ. Бұл жылы сіз өзіңіздің өмірлік серігіңізді кездестіріп, отау құруыңыз мүмкін. Құрылыс жұмыстары, үй салуға қатысты жоспарларыңыз да жүзеге асқалы тұр. Әсіресе, жылдың алғашқы жартысында сіздің өміріңізде жағымды жаңалықтар көп болады.

Бөлісу: